Жаңартулар орнату ережелері

Барлығын жаю | Барлығын жию

Бағдарламалық жасақтама осалдықтарын түзету үшін жаңартулар орнату ережелерін көрсету керек. Бұл ережелер орнатылатын жаңартуларды және түзетілетін осалдықтарды анықтайды.

Нақты параметрлер, Microsoft бағдарламаларын, үшінші тарап бағдарламаларын ("Лаборатория Касперского" мен Microsoft корпорациясынан басқа бағдарламалық жасақтама жеткізушілері шығаратын бағдарламалар) немесе барлық бағдарламаларды жаңарту ережесін құрғаныңызға байланысты болады. Microsoft бағдарламалары немесе үшінші тарап бағдарламалары үшін ереже жасағанда, жаңартуларды орнатқыңыз келетін бағдарламалар мен бағдарламалардың нұсқаларын таңдауға болады. Барлық бағдарламалар үшін ереже жасағанда, сіз орнатылатын жаңартуларды және жаңартуларды орнату арқылы түзетілетін осалдықтарды таңдай аласыз.

Бағдарламаларды жаңарту ережесін жасау үшін:

  1. Жаңа тапсырма жасау шеберінің Параметрлер терезесінде Қосу түймесін басыңыз.

    Ережені жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

  2. Ереже түрі бетінде Барлық жаңартуларға арналған ереже таңдаңыз.
  3. Ашылмалы тізімдегі Жалпы критерийлер терезесінде келесі параметрлерді көрсетіңіз:
    • Орнатылатын жаңартулар жиынтығы
    • Қауіптілік деңгейі келесіге тең не одан жоғарырақ осалдықтарды түзету
  4. Жаңартулар терезесінде орнатылатын жаңартуларды таңдаңыз:
    • Барлық жарамды жаңартуларды орнату
    • Тек тізімдегі жаңартуларды орнату
      • Таңдалған жаңартуларды орнату үшін керек бағдарламалардың алдыңғы жаңартуларының барлығын автоматты түрде орнату
  5. Осалдықтар терезесінде, көрсетілген жаңартуды орнатумен түзетілетін осалдықтарды таңдаңыз:
    • Қалған критерийлерге сай барлық осалдықтарды жабу
    • Тек тізімдегі осалдықтарды жабу
  6. Атауы терезесінде жасалатын ереженің атауын көрсетіңіз. Ереже атауын кейінірек, Параметрлер бөлімінде, жасалған тапсырманың сипаттары терезесінде өзгертуге болады.

Ережені жасау шебері өз жұмысын аяқтағаннан кейін, ереже жасалады және жаңа тапсырма жасау шеберінің Жаңа нұсқаларды орнатуға арналған ережелерді көрсетіңіз өрісінде көрсетіледі.

Microsoft бағдарламаларын жаңарту ережесін жасау үшін:

  1. Жаңа тапсырма жасау шеберінің Параметрлер терезесінде Қосу түймесін басыңыз.

    Ережені жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

  2. Ереже түрі бетінде Windows Update жаңартуларына арналған ереже таңдаңыз.
  3. Жалпы критерийлер бетінде келесі параметрлерді көрсетіңіз:
    • Орнатылатын жаңартулар жиынтығы
    • Қауіптілік деңгейі келесіге тең не одан жоғарырақ осалдықтарды түзету
    • MSRC бойынша қауіптілік деңгейі келесіге тең не одан жоғарырақ осалдықтарды түзету
  4. Бағдарламалар терезесінде жаңартуларды орнатқыңыз келетін бағдарламалар мен бағдарламалардың нұсқаларын таңдаңыз. Әдепкі бойынша барлық бағдарламалар таңдалған.
  5. Жаңартулардың санаттары терезесінде орнату үшін жаңарту санаттарын таңдаңыз. Бұл санаттар Microsoft Update каталогымен бірдей. Әдепкі бойынша барлық санаттар таңдалған.
  6. Атауы терезесінде жасалатын ереженің атауын көрсетіңіз. Ереже атауын кейінірек, Параметрлер бөлімінде, жасалған тапсырманың сипаттары терезесінде өзгертуге болады.

Ережені жасау шебері өз жұмысын аяқтағаннан кейін, ереже жасалады және жаңа тапсырма жасау шеберінің Жаңа нұсқаларды орнатуға арналған ережелерді көрсетіңіз өрісінде көрсетіледі.

Үшінші тарап бағдарламаларын жаңарту ережесін жасау үшін:

  1. Жаңа тапсырма жасау шеберінің Параметрлер терезесінде Қосу түймесін басыңыз.

    Ережені жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

  2. Ереже түрі бетінде Үшінші тарап жаңартуларға арналған ереже таңдаңыз.
  3. Жалпы критерийлер бетінде келесі параметрлерді көрсетіңіз:
    • Орнатылатын жаңартулар жиынтығы
    • Қауіптілік деңгейі келесіге тең не одан жоғарырақ осалдықтарды түзету
  4. Бағдарламалар терезесінде жаңартуларды орнатқыңыз келетін бағдарламалар мен бағдарламалардың нұсқаларын таңдаңыз. Әдепкі бойынша барлық бағдарламалар таңдалған.
  5. Атауы терезесінде жасалатын ереженің атауын көрсетіңіз. Ереже атауын кейінірек, Параметрлер бөлімінде, жасалған тапсырманың сипаттары терезесінде өзгертуге болады.

Ережені жасау шебері өз жұмысын аяқтағаннан кейін, ереже жасалады және жаңа тапсырма жасау шеберінің Жаңа нұсқаларды орнатуға арналған ережелерді көрсетіңіз өрісінде көрсетіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Бағдарламалық жасақтама жаңартуын мақұлдау және қабылдамау

Сценарий: Үшінші тарап бағдарламаларындағы осалдықтарды анықтау және түзету

Басына оралу